Актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды.
Өнер иесі жұбайы Балжан Бидашпен түскен суретті желіге жүктеп, «Бәрі бітті» деген жазба жариялаған.
Сондай-ақ жұлдызды жұп әлеуметтік желіде бір-бірін достар тізімінен шығарып, бірге түскен суреттері мен видеоларын парақшадан өшіріп тастаған.
Артынша Жахан Отарғалиев Instagram парақшасына анасымен отырған видеосын бөлісті.
Сурет астына «Рахмет, анашым» деп жазған.
Фото: әлеуметтік желі