Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, М.Жүсіп көшесінде тұрған үйдің үшінші қабатында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 13:38-де түскен.
«Өрт сөндірушілер баспалдақтың көмегімен екі адамды төменге түсірді және тағы екі адам эвакуацияланды. Сағат 14:00-де өрт сөндірілген болатын. Өкінішке орай, өрт шыққан жерден 51 жастағы ер адамның денесі табылды», – деді департаментте.
Өрттің жалпы аумағы 18 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына үш бірлік техника мен жеке құрамнан сегіз адам жұмылдырылды. Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.