«Ресми! Александр Шлеменко vs Қуат Хамитов. Бүгін, 20 тамызда Ресей ММА аңызы Александр Шлеменкомен айқас өткізу туралы Top Fight лигасының басшысы Марат Сидикеевпен келісімшарт жасалды. Турнир қашан, қайда өтетінін кейінірек білесіздер», -деп жазды Хамитов өзінің Instagram парақшасында.
Қуат Хамитов өзінің кейінгі жекпе-жегін мамыр айында өткізді: ол Алматыдағы Hardcore MMA лигасының турнирінде өнер көрсетіп, төрешілердің бірауыз шешімімен ресейлік Залимхан Юсуповтан (19-15) басым түсті. Александр Шлеменко кейінгі рет торға шілдеде кіріп, бірінші раундта бразилиялық Алекс Оливейраны (25-15-1) сабмишнмен жеңді.