Үздік команда атағы үшін Қазақстанның 12 өңірінен: Астана, Шымкент, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарынан 250-ден астам спортшы таласады.
Астана қаласы әкімдігінің №8 балалар-жасөспірімдер Олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Дінмұхаммед Құрамаев аталмыш турнирге өз бағасын берді: «12 жасқа дейінгілер арасында ұйымдастырылып жатқан Қазақстан чемпионатының деңгейіне разымын. Жасөспірімдер арасында көп турнир болған сайын, шәкірттеріміздің деңгейі артатыны сөзсіз. Маған ең ұнайтыны — 12 жасқа дейінгі футболшылар эмоцияға ерік беріп, шынайы ойнайды», – деді ол.
Турнир 17-25 тамыз аралығында «Жас батыр» стадионында өтеді.