Елді мекенде газ құбырын тарту жұмыстары бойынша партиялық бақылау бекеті ашылды

Ақжайық ауданында «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтың қатысуымен Баянтөбе елдімекеніне газ құбырын тарту жұмыстары бойынша партиялық бақылау бекеті ашылды.

Жоба құны - 57,8 млн теңге. Мердігер «ГазСтрой» ЖШС.

Жоба бойынша құбырдың ұзындығы - 6 255 м. Келісімшарт бойынша жұмыстар осы жылдың қыркүйек айында аяқталу керек.

«Бұл жоба «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасына енгізілген. Сондықтан бұл жоба партияның бақылауында. Осы себепті бұл жоба бойынша партиялық бақылау бекетін ашып отырмыз. Жергілікті жердегі партия филиалы, аудандық мәслихат депутаттары және бастауыш партия ұйымы жетекшісінен құралған бекет жұмыстың сапасына бақылау жасайды. Сондықтан жұмыс уақтылы әрі сапалы іске асуы қажет» - деді Азамат Сафималиев мердігер өкіліне.