Астаналықтар қаланың Бас жоспарын талқылайды

Елорданың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астанабасжоспар» ҒЗИ-мен бірлесіп астаналықтарды 2035 жылға дейін Астананың Бас жоспарының жобасын қоғамдық талқылауды жалғастыру ісіне қатысуға шақырады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Бас жоспардың жобалық шешімдерінің көрме материалдарымен 2023 жылғы 21-22 тамыз аралығында Астана қаласы Ә.Мәмбетов к-сі, 22 (Сарыарқа ауданы) мекенжайы бойынша танысуға болады. Бас жоспар жобасының тұсаукесері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) өткізіледі.

Қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен халықты кеңінен қамту үшін елорда аудандары бойынша қоғамдық талқылаулар ұйымдастырылатын болады.

2023 жылғы 22 тамыз:

Сағат 17.00 – Сарыарқа ауданы, Ә.Мәмбетова көшесі, 22.

2023 жылғы 23 тамыз:

Сағат 11.00 – Байқоңыр ауданы, М.Ғабдуллин көшесі, 7, №10 мектеп гимназиясы мекенжайы бойынша;
Сағат 15.00 –  Алматы ауданы, Аманжол Бөлекпаев көшесі, 20, № 86 мектеп-гимназиясы.


2023 жылғы 24 тамыз:

Сағат 10.00 – Нұра ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;
Сағат 15.00 – Есіл ауданы, Қабанбай батыр көшесі, 33, 3-қабат, аудан әкімдігінің мәжіліс залы.

25 тамызда Астана қаласы, Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша «Жастар» сарайында қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді.

Басталуы сағат 10.00.

Жобаға ұсыныстар мен ескертулерді мына электронды поштаға жіберуге болады: smgp@astanagenplan.org.kz.

фото:www.gov.kz