Бұл бастама елдегі журналистиканың болашағын қолдауға және дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.
Естеріңізге сала кетсек, биыл ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Maqsut Narikbayev University Қазақстанның бәсекеге қабілетті БАҚ дайындау саласында ынтымақтастық орнатқан болатын. Меморандум аясында осы жылы «Халықаралық журналистика мектебі» ашылатын болады.
Халықаралық журналистика мектебінің білім беру бағдарламасында бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы тенденцияларына сәйкес, журналистиканың заманауи әдістерін оқытуға ерекше мән беріледі. Тәжірибе үшін мұндай мүмкіндіктерді Jibek Joly телеарнасы, «ҚазАқпарат» ХАА, Деректі кино орталығының платформасы ұсынатын болады. Оқу мерзімі – үш жыл.
Қатысу шарттары:
1) Сілтеме арқылы өтіп, нысандарды толтыру: https://forms.amocrm.ru/rrxtlrm
2) Поштаңыздан нұсқаулық хатын күту.
Тіркелу 22 тамыз, сағат 18.00-ге дейін жалғасатын болады.
Қосымша ақпарат: +7 (776) 107-01-76 (Гүлжанат). e-mail: PR@kazguu.kz
фото: egemen.kz