Жастар жеңілдікпен 11,4 миллиард теңге несие алды

Жастар жеңілдікпен несие ала алады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жастарға жеңілдікпен шағын несие беру тетігі іске қосылды. Бұл туралы Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Биыл 10 тамыздағы мәлімет бойынша, 5,3 мыңнан астам өтінім түсіп, 3 344 жоба мақұлданды. 2 577 жобаны іске асыруға 11,4 млрд теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылып жатыр. 

Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырды. 

Айта кетейік, несие 21-35 жас аралығындағы азаматтарға өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту үшін беріледі. Жалпы, 2023 жылы 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.

Фото: yandex.kz