Түркістан облысында суға батып көз жұмған соңғы он бірінші адамның мәйіті табылды

Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды.

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-адамның денесі табылды, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8-і кәмелет жасқа толмаған», – делінген хабарламада.

ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын еске салады.

Еске салайық, 21 тамызда Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен болатын. Олардың барлығы бір әулеттің өкілі болып шыққан.

Фото: Түркістан облысы ТЖД