Танымал спортшы Қуат Хамитов бір кездері өміріне қауіп төніп, елден кетуге ұсыныс түскенін мәлімдеді. Ол бұл туралы «Берен» подкастында айтып берді.
Айтуынша, жанашыр адамдар оның өміріне алаңдап, шетелге шақырған.
«Қанат Ислам, белгілі спортшы, ол да маған Америкадан хабарласты. «Бауырым, сен қазір елді білесің ғой, өте қиын. Кез келген сәтте өлтіріп кетуі, арандатуы, дәрі беріп жіберуі мүмкін. Жарты жыл болса да шетелге кетіп қал. Маған, Америкаға кел. Визаңа да көмектесейін, осында жүрші, сен үшін уайымдаймын» деді. Қаңтар оқиғасының алдында да, кейін де. «Елден қашуға дайын емеспін. Елден ешқайда қашпаймын» дедім», – деп еске алды ол.
Қуат Хамит, фото: championat.com