Атырауда жол апатынан 35 жастағы ер адам көз жұмды

Қайғылы оқиға 24 тамыз күні сағат 22.10 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолында болған.

"Toyota Camry автокөлігі жол бойынан қиып өтіп бара жатқан сиырды қағып, соққы екпінімен Mercedes маркалы жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында  қаза тапты. 

Көлікте болған 2 жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді" - делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова