Сирияның Идлиб провинциясында өршіп тұрған қарулы қақтығыста тағы бір түрік әскері қаза тауып, біреуі жарақат алды. Бұл туралы Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі хабарлайды, - деп жазады 24.kz. Естеріңізге салайық, Идлиб провинциядағы ахуал ақпанның 27-сі күні күрт ушығып кетті. Оған аймақтағы 33 түркия әскерінің қазасы себеп болды. Қазір Башар Асад режиміне Ресей билігі қолдау көрсетіп отыр. Жақын арада Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин кездесіп, Идлиб мәселесін талқылайтын болады.