Тоқаев Беларусь пен Вьетнам республикаларындағы елшілерді тағайындады

Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Беларусь пен Вьетнам республикаларындағы елшілері тағайындалды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», – деп жазылған құжатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy