Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ал Мемлекет басшысының өкімдерімен Әлібек Әсетұлы Бақаев пен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.