Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімі жарияланды

Ханчжоудағы жазғы Азия ойындары 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында өтеді

Бокстан Ханчжоуда өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына баратын боксшылардың тізімі жарияланды.

Мырзағали Айтжанов бастаған ұлттық құрама бапкерлері Азиада төрінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімін атады. Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі).