Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат шындыққа жанаса ма?
Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат шындыққа жанаса ма?
© Шымкент қаласы ТЖД
107
оқылды
Әлеуметтік желіде тараған Шымкентте коронавирус тіркелді деген ақпарат жалған. Видео өрт-тактикалық оқу-жаттығу кезінде түсірілді деп хабарлады Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы, - деп жазады sputniknews.kz. "Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Шымкентте коронавирус тіркелді деген шындыққа жанаспайды. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тек ресми ақпаратқа сену керек екенін ескертеді", - делінген ведомство таратқан ресми хабарламада. Ал Шымкент қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің хабарлауынша, "Шымкент Плаза" сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткен. "Алдын ала бекітілген жоспарға сәйкес, 3 наурыз күні сағат 10:17-де Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңындағы "Шымкент Плаза" ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу жаттығу өтті. Оған "Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі" мекемесінің 5 техника мен жеке құрамның 24 маманы қатысты", - делінген баспасөз хабарламасында. Жаттығу кезінде сауда орнына келушілер эвакуациялық орындардан жаппай сыртқа шығарылып, есіктердің өткізу мүмкіндігі тексерілді. Сондай-ақ, коранавируске қатысты жалған ақпарат таратып, халықтың арасында дау туғызған азаматтардың заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді. https://www.instagram.com/p/B9RK5ual65q/?utm_source=ig_web_copy_link