Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2020 жылдағы Әдеп жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
Әдеп жөніндегі комиссиясының құрамына МҚІА төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, ҚР Парламентінің депутаттары Нұртөре Жүсіп және Снежанна Имашева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Мемлекеттік қызметкерлердің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, блогерлер Олжас Беркінбаев және Яков Федоров, ҚазГЗУ доценті Бибігүл Нұрашева, қоғам қайраткері, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының төрағасы Сәдібек Түгел кіреді.
Отырысқа ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің жауапты хатшылары мен кадр қызметінің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитетінің конкурстық комиссиясының мүшелеріне қатысты тәртіптік істер қаралды, бірқатар министрліктер қызметкерлерінің үстеме жұмыс жасау, демалыс және мейрам күндері жұмысқа шығу бойынша тіркелген деректер туралы ақпарат тыңдалды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тарту деректерін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдады. Аталған шаралар үстеме жұмысты жалпы 2,7 есеге қысқартуға мүмкіндік берді (2018 жылғы мәліметтермен салыстырғанда).
«Президент Әкімшілігі және Премьер-Министр Кеңсесімен үстеме жұмыстарға жол бермеу және мемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесін енгізудің мақсаттылығын қарастыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды. Біз отырысқа мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларын шақырдық және бірлескен күш жігермен тапсырманы сапалы орындау үшін жүйелі шаралар қабылдай аламыз, оң нәтижелерге қол жеткіземіз және оны ұзақ уақытқа бекітеміз деп үміттенеміз», - деп атап өтті МҚІА төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.
Әдеп жөніндегі комиссияның отырысында Агенттіктің Әдептік құқық бұзушылықтың профилактикасы басқармасының бас консультанты Айнұр Еңсегенова мемлекеттік органдардың жұмысын талдау мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін негізсіз қалуы, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс істеуіне алып келетін жүйелі проблемаларды көрсеткенін атап өтті.
Бұл қызметшінің жұмысына қарай жүктемені бөлу, уақытты тиімсіз пайдалануы және басшылардың орындалу мерзімі негізсіз қысқа тапсырмалардың болу мәселелері. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың ішінде кадрларды кейіннен ауыстыра отырып жиі қайта ұйымдастыру мәселелері мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері арасында жүктемені тиімді бөлуге теріс әсер етеді.
[caption id="attachment_25479" align="alignnone" width="1024"]