Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке өлең арнап, жаңалығын жеткізген.
"Ағайын көрдің талай қызығымды,
Сонда да қолдадың ғой бұзығыңды.
Тағы не шығарады десеңіздер
Мен енді шығарайын шұжығымды!" - дейді ТТТ.
Желі қолданушылары жазбаға қатысты әзіл аралас түрлі пікір қалдырған.
"Шұжығыңды жеп алып, бізде тентек болып бір нәрсе бүлдіріп жүрмесек болды ғой, жерлес-ау", "Оңбай кетейін әртiссiң ғой, Төреш", "Мына Төреғалиға енді қалғаны осы ма? Не болды, жазған?", "Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Пендеміз бәріміз", - дейді көпшілік.