Алматы облысының тұрғынынан 5 тонна есірткі тәркіленді

25 тамыз "Қарасора-2023" жедел алдын алу шараларын өткізу барысында Алматы облысы Балқаш ауданы Ақбайлау ауылының аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру дерегі анықталды.

Аталған оқиғаға қатысты дерек Қылмыстық кодекстің 300-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелген. Соның нәтижесінде 1951 жылғы Д. есімді жоғарыда аталған аумақтың иесі ұсталды.

Күдіктінің ауданы 1 гектар жер учаскесінде құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталып отыр. Тәлкіленген заттың жалпы салмағы шамамен 5 тоннаны құрады.

Сондай-ақ тінту барысында екі иір ойықты мылтық, үш тегіс ұңғылы мылтық, 5, 56 мм оқтармен жарақталған оқсауыт, тепловизор, лазерлік көздеу және басқа да қару-жарақтың керек-жарақтары анықталып, тәркіленді. Дерек негізінде ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша жеке қылмыстық іс жүргізу басталды, - деп жазылған ІІМ таратқан мәліметте. 

Осыған қатысты барлық деректер бойынша тиісті сараптамаларды тағайындаумен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.