Видео 2023 жылдың 26 тамызында аталған қордың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
"НеМолчи.kz" қорының мәліметінше, ыңғайсыз оқиға 2023 жылдың 24 тамызында Алматыдағы Асанбай Асқаров көшесінде болған.
"Glovo компаниясының курьері мотоциклмен қыздың жанынан өтіп бара жатып, оның бөксесіне қолын тигізеді. Бұл - қолсұғушылық, қорлау. Нәзік жандылардың қайсысы осындай төмен әрекетке тап болды? Менің ойымша, әрбір әйелдің басына бар жайт бұл: түрте салу, итере салу, бөксесінен салып қалу, тиіскісі келу. Мүмкін, ойлау қабілеті төмен бұл адам өзін мачо сезінетін шығар. Ал қыз баласы не сезінді? Ашулану, тітіркену, жек көру, өзін лас сезіну. Біздің заңда осылай тиісетіндерге жауапкершілік қарастырылмаған, содан кейін де мұндай лас мінез-құлыққа жүген жоқ", - делінген видеоның сипаттамасында.
"НеМолчи.kz" қоры Алматы қалалық Полиция департаментінен мотоцикл жүргізушісін тауып, жауапкершілікке тартуды сұрады.