"Қызыма орамалмен білім алуына рұқсат етпесе, Ин ша Аллаһ Шешенстанға көшемін", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
Оның пайымынша, мектепке орамалмен кіруге тыйым салу – Аллаға қарсы шыққанмен тең.
"Мұны мен айтып отырған жоқпын, Алланың парызы. Біздің елімізге Алладан апат келе ме деп қорқамын", – деген Талғат Рысқұлбеков видео мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі зайырлы мемлекетте білім ошағына оқушы тек мектеп формасымен кіруі тиістігін мәлімдеген.