Алматы көші-қон қызметінің мәліметінше, Алматының Бостандық ауданындағы "Қазақфильм" ықшамауданындағы корпустардың бірінен Нигерияның 4 азаматы анықталды. Олар еңбек қызметін заңсыз жүргізіп, жұмысшы болып жұмыс істеген.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылады және елден шығарылады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда заңсыз жүрген Африканың 11 азаматы елден шығарылған болатын. Заңсыз жүрген шетел азаматтарын Алматының полицейлері жергілікті рейд кезінде анықтады.