Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әртүрлі көрмелерде заттарды тегін алудан бас тартқан видеосы пайда болды.
Видео ҚР Президенті телерадиокешінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Бұдан әрі видео жылдам түрде тарады.
Видеоның басында Тәжікстан мемлекеті ұйымдастырған көрмеде қатысушының Қазақстан Президентіне сый ретінде әмиян ұсынғанын көруге болады. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сыйдан бас тартып: “Мен ешқашан тегін нәрсе алмаймын. Қазақстанда өтетін көрмелерде де бәріне ақша төлеймін”, – дейді.