12 мектептен жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударылған. Бұл туралы Aikyn.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттіктің Атырау облыстық департаменті Превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында сыбайлас жемқорлық бар.
«Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа сыртқы талдау жүргізілді. Нәтижесінде, 10-ға жуық дерек анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12 мектепте іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 адамға жалақы аударылған. Шамамен 90 млн теңге шығын келген», – дейді Жәнібек Қаражанов.
Бұған дейін Атырауда оқушылар хиджап киіп келетін «Ұлттық қыздар мектебі» жабылғаны туралы жазған болатынбыз.
Фото: news.myseldon.com