Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын. Осылайша, 2023 жылы гранттар саны 70%-ға – 1500-ден 2500-ге дейін өсті. Бұл туралы Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде, негізгісі:
Акушерлік және гинекология – 214
Анестезиология және реаниматология – 200
Неонатология – 119
Терапия – 115
Жалпы хирургия – 98
Неврология – 92
Психиатрия – 88
Оториноларингология – 83
Кардиология – 78
Офтальмология – 66
Жұқпалы аурулар – 63
Травматология-ортопедия – 62
Эндокринология – 55
Қалғандары – 1167.
Фото: kaz.globalnews.kz