Жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын балуандар анықталды

Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, күрес түрлерінен жарыс 4-7 қазан аралығында болады.

Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек – 8 қазан аралығында өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын балуандардың есімі анықталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, күрес түрлерінен жарыс 4-7 қазан аралығында болады.

Қазақстан ұлттық құрамасы барлық салмақ дәрежелерінде өз таңдаулыларын додаға қосады.

Грек-рим күресі:

Айдос Сұлтанғали (60 кг),

Мейіржан Шермаханбет (67 кг),

Азат Садықов (77 кг),

Мақсат Сайлау (87 кг),

Ислам Умаев (97 кг),

Әлімхан Сыздықов (130 кг).

 

Әйелдер күресі:

Светлана Анкичева (50 кг),

Марина Седнева (53 кг),

Эмма Тисина (57 кг),

Ирина Кузнецова (62 кг),

Елена Шалыгина (68 кг),

Жәмила Бақбергенова (76 кг).

 

Еркін күрес:

Рахат Қалжан (57 кг),

Санжар Мұхтар (65 кг),

Дархан Есенғали (74 кг),

Азамат Дәулетбеков (86 кг),

Әлішер Ерғали (97 кг),

Юсуп Батырмурзаев (125 кг).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия ойындарында бақ сынайтын еліміздің дзюдодан ерлер құрамасы белгілі болғанын жазған едік.