Маңғыстауда тауды қашап, жазу жазған директор қызметінен кетті

Маңғыстауда Ыбықтысайда тауды қашап, «Ақнәзік» деп жазу жазған директор қызметінен кетті.

Елден кешірім сұраған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев жұмыстан кетті. Бұл туралы Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиеваның айтуынша, қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті.

«Манас Көшербаев қалаға келген соң кеше шақыртып алдық. Ол сол кезде өз еркімен жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазды. Әкімшілік жазаны полиция қолданады. Ал жұмыстан шыққан адам тәртіптік жазаға тартылмады», – деді Гүлжайна Бисенғалиева.

Бұған дейін  Маңғыстауда Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры Манас Көшербаев тауды қашап, «Ақнәзік» деп жазғанын хабарлаған болатынбыз. 

Фото: smi24.kz