Республиканың басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронт әсер етеді.
Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте – найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады. Жел екпіні күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады – 9-14 м/с, кейде екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде – +14+16°С, күндіз – +19+21°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел жылдамдығы – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде – +15+17°С, күндіз – +29+31°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады – 8-13 м/с, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде – +15+17°С, күндіз – +24+26°С.
Фото: qazaqstan.tv