Павлодар облысының Екібастұз қаласында күкірт қышқылы төгілді

28-29 тамызға қараған түні ТЖД Жедел құтқару жасағының күштері қауіптің алдын алды.

Павлодар облысының Екібастұз қаласында күкірт қышқылы төгілді, – деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 28 тамызда кезекші Әскерилендірілген күзетшіден Екібастұз қаласы Екібастұз-2 станциясы, №6 жолда цистернадан күкірт қышқылының төгіліп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тасымалданатын жүктің жалпы көлемі (күкірт қышқылы (құрамында 51%-дан аспайтын қышқыл бар)) 78,3 тоннаны (2 вагон) құрайды. Оқиға орнын полиция, әскери теміржол күзеті басқармасының қызметкерлері қоршауға алды. Жергілікті жерде мүдделі мемлекеттік органдар бөлімшесінің қызметкерлері мен тасымалдаушының өкілдері қатарынан Штаб құрылды. Күкірт қышқылының төгілуін тоқтатуға ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.

28-29 тамызға қараған түні ТЖД Жедел құтқару жасағының күштері қауіптің алдын алды. Оқиға орнында күкірт қышқылын бейтараптандыру үшін пайдаланылған 37 тоннадан астам әк жеткізілді.

29 тамызда сағат 15:00-дегі жағдай бойынша күкірт қышқылын айдау аяқталды. Құрамында 15 адам бар «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері күкірт қышқылының төгілу учаскесін үйіп тастауға және кейіннен әкпен толтыруға кірісті. Күкірт қышқылымен толтырылған цистерналарды герметикалық жағу жүргізілді.

Аварияны жою жұмыстары жалғасуда. Төгілген қышқылдың жалпы көлемі сараптама жүргізілгеннен кейін белгіленеді.