1995 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың қарауына ұсынылған Конституция жобасының көшірмесі Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің Instaqram-дағы парақшасында жарияланды.
«Осы атаулы күнде 1995 жылдың сәуірінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қарауына ұсынылған тарихи құжат – Конституция жобасының көшірмелерімен бөлісіп отырмыз. Бұл бірегей құжаттардан Нұрсұлтан Назарбаевтың жас және тәуелсіз мемлекеттің болашақ Конституциясының мәтініне бірқатар түзетулер мен ескертулер енгізгенін көруге болады», – деп жазылған ресми деректе.
Фото: presidentlib.kz