Электр мопедінен шыққан өрт Астанадағы көпқабатты үйдің бірінші және екінші қабаттарында орналасқан пәтерлердің балкондарына өткен.
Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әзірбаев көшесінде мопед өртенген.
"Сағат 01:00-де Алматы ауданы, Кеңес Әзірбаев көшесі, 6 үйде жалпы алаңы 20 шаршы метр болатын 1-2 қабатты балкондардың пластикалық конструкцияларына өтті", – деп хабарлады Астана Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Көпқабатты үйден 20 адам эвакуацияланды, оның жетеуі – бала, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Өрт сағат 01:15-те ауыздықталып, 01:22-де сөндірілді. Оқиға орнында 10 адам мен екі техника жұмыс істеді.