Әртістің менеджерінің айтуы бойынша, Kalifarniya қазан айында АҚШ-қа жол тартпақ, кейін Еуропа, Қырғызстан, Моңғолия елдерінде концерттер ұйымдастырылады.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Kalifarniya өзінің танымалдылығының шыңында тұр. Оның клиптері YouTube арнасында миллиондаған қаралымға ие, ал Apple Music платформасында әртістің әндері 3,6 миллион рет, Spotify-да 4,8 миллион рет тыңдалған. Сәнді және романтикалық тректер өз көрермендерін тауып қана қоймай, QAR және Roza әндері үшін платина және Алтын дискілердің иегері Beu festival-дың (Қазақстанның жаңа музыкасы) беделді марапаттарына ие болды. Әлемдік турдан кейін, музыканттың өкілдері, Kalifarniya өз жанкүйерлерін жаңа хиттермен қуантады деп айтып өтті.