Ресейлік ММА аңызы Қуат Хамитовпен жекпе-жекке шығатын болды

Жекпе-жек шамамен 29-30 қыркүйекте өтеді

Орта салмақта Bellator ұйымының бұрынғы чемпионы Александр Шлеменко (65-15) қазақстандық Қуат Хамитовпен (25-7-2) жекпе-жекке шығатынын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік ММА аңызының сөзінше, бұл айқас Top Fight лигасында өтеді.

"Иә, қазір келіссөз жүріп жатыр, жекпе-жекті өткізуге бәрі 70 пайызға дайын. Шамамен 29-30 қыркүйек деп отырмыз. Қазіргі таңда келісімшартқа қол қоюға аз қалдық", - дейді Шлеменко "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында.