Polisia.kz-тің дерегінше, Абай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.
Ол жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен құны 1,5 миллион теңге тұратын алтын әшекейлерінің жоғалғанына шағымданды.
Жедел тергеу тобы сол үйдегі 19 жастағы бала күтушіні ұстады. Күдіктіні Абай АПБ-на жеткізді. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша іс қозғалды.
Жас қыз бірінші үй иесінің неке жүзігін ұрлап, сатып жіберген. Кейін сөредегі алтындарды базарға өткізген.
Күтуші өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген материалдық шығын толығымен өтелді. Жәбірленуші 19 жастағы қызға кешірім берді.