Ғизат Нұрдәулетов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

2022 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Ақорда.

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы туған.

Білімі: С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдады (1986 ж.).

Еңбек өтілі:

1990-2017 жылдары – құқық қорғау (прокуратура, мемлекеттік тергеу комитетінің органдары) және мемлекеттік арнайы органдарда (ұлттық қауіпсіздік органдары).

2017-2019 жылдары – ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары.

2019-2022 жылдары – ҚР Бас прокуроры

2022 жылғы 25 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды.

Мемлекеттік наградалары: II дәрежелі «Айбын», I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерінің кавалері.

Сыныптық шені: 1-сыныптағы мемлекеттік әділет кеңесшісі (2022 жылғы мамыр).