Светлана Жақыпова енді Еңбекминді басқарады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Светлана Жақыпова тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазды Ақордадан.