Кеме апаты – кез келген теңізшінің қорқынышы. Ондай кезде аман қалу мүмкіндігі өте төмен. Алайда кейде ғажайыптар да болып жатады. Толығырақ Tengritravel.kz.
MenToday басылымында шыққан ақпарат бойынша, нигериялық аспаз Харрисон Окене отырған буксирлі катер қолайсыз ауа райында қызметін орындаймын деп апатқа ұшырайды.
Үлкен толқын катерді төңкеріп жібереді. Бұл уақытта Харрисон дәретханада отырған екен. Апатты сезе сала ол каюталар ортасымен жүгіріп, офицерлер әжетханасына кіріп кетеді. Міне осы жағдай оның өмірін сақтап қалыпты.
Кеме 30 метр тұңғиыққа батқан, алайда әжетханада ауа кеңістігі сақталып қалыпты. Аспаз суда тұрғанымен демала алған, ал қасында тек кола шөлмегі мен бірнеше шамы болған екен. Ол өз бетінше су бетіне малтып шыға алмаған. Оның үстіне дауыл кезінде ашық теңізде не істей алады?
Харрисонға оттегі біткенше күту ғана қалады. Осылайша, ол өміріндегі ең ұзақ 60 сағат уақытын өткізеді. Түнекте жалғыздықта жынданып кетуден қолындағы шамдар ғана көмектесіпті.
Үшінші күні ол бір дыбыстар ести бастайды. Бастапқыда ол кеме ішінде акулалар жүзіп жүр деп ойлайды, бірақ бұл теңізшілер денесін алып шығуға келген аквалангистер екенін түсінеді. Өзінің тірі екені жайлы белгі берген аспазды көргенде аквалангистер қатты таңырқапты. Құтқарушылар Харрисонды бірден су бетіне шығарады.
Адам қамалып қалғанда оттегі жетпегендіктен емес, көмірқышқыл газының шамадан артық болуынан көз жұмады екен. Міне авкалангистер бірнеше сағат кеш келгенде аспаз да ажалдан аман қалмас еді.
Міне бұл оқиғадан бері бірнеше жыл өтіпті. Содан бері аспаз мамандығын ауыстырып, аквалангист болыпты. Ол теңізді сүйетіні сонша, ешқандай қауіпке қарамастан мамандығын ауыстырмайтынын айтқан екен.