Дәрігерлер баланың аяғынан қоршаудың 20 сантиметр темірін алды

Алматыда дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалды.

Аяғына 20 сантиметрлік темір кірген баланы құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланы жедел жәрдем бригадасы кешкі сағат 21.00-де Алматының ЖМЖО жедел хирургия бөлімшесіне алып келген. 

Баланың оң жамбасынан 20 см түйреуіш шығып тұрған. Бала аулада қоршаудан өткенде сүрініп, басы төмен салбырап, аяғын түйреуіш тесіп өткен.

Науқасты хирург пен травматолог шұғыл тексеріп, операция жасады. Темірді алып, тамырларын да сақтап қалды. 

Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиевтің айтуынша, отаға хирург Нұрболат Байдуллаев, Әділжан Нұров, травматолог Фаррух Толаметов және анестезиолог Жанат Әлияхметов атсалысты.

Фото: yandex.kz