Белгілі журналист Түркияда екі жасар сәбиімен бірге қаза тапты

Жол апаты кеше Алания қаласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жол апатынан Қазақстан азаматтары да зардап шеккен. Оның біреуі – екі жасар бала. Анталиядағы жол апатынан үш адам қаза тауып, 17 адам жарақат алды. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі Қазақстан азаматтары екені белгілі болды. 

 

«Белгілі журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Антальядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр.

Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалып жатыр.

Марқұмдардың мәйітін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде», – деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.

Бұған дейін Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Фото дереккөзден алынды