Ақмола облысының автожолдарында құқық бұзған 104 мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Бурабай ауданында мас күйінде көлік жүргізгені үшін кезекті факт анықталды. Елорда тұрғыны сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 1 наурызда сағат 00.50 шамасында патрульдік полиция батальонының экипажы Щучинск қаласында қаланың ойын – сауық орындарының бірінің жанында жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде 23 жастағы астаналық тұрғынның басқаруындағы “BMW” маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүргізушімен сөйлескен кезде полиция қызметкері жас азаматтан алкогольдің өткір иісі шыққанын, сондай-ақ оның алкогольдік масаюының айқын белгілері болғанын сезген. Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыны көлік құралын жүргізуден уақытша шеттетіп, оның масаңдық дәрежесін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуді ұсынды. Сонымен қатар, көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған және куәландыру рәсімінен өтуден бас тартқан. Нұр-Сұлтан қаласынынң тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабы (ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) бойынша хаттама толтырылды. Биыл 2 наурызда Бурабай аудандық соты тәртіп бұзушыға қатысты 15 тәулік мерзімге қамауға алу және 8 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айыру туралы қаулы шығарды. Ағымдағы жылы барлығы 104 мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды.