«Жер аманатын» жұрт қолдады – Дәурен Базаров

«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруды еліміздегі саяси партиялар арасында бірінші болып қолға алды.

Жолдауда Президент Қ.Тоқаев еліміздегі қордаланған экономикалық мәселелерді шешудің нақты жолдары мен тың жоспарын ұсынған болатын.

Ауызсу мен жайылымның тапшылығы, коммуналдық төлемдердің өсімі мен бағалардың тұрақсыздығы сияқты сұрақтар жұртшылықты көптен бері мазалап отыр.

Айтылған мәселелерді шешу мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен былтырдан бері бірқатар халықтық жоба  қолға алынған болатын.

Жолдауда Президент «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» сияқты жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапқан жобаларға ерекше тоқталып, олардың елге қажеттігін атап өткен еді.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясы аталмыш халықтық жобаларды кеңейтіп, қолданыстағы заңнамаларды жетілдіріп, сондай-ақ жаңа экономикалық саясатты іске асыруға бағытталған жаңа реттеуші құралдарды құру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға белсенді атсалысатынын жеткізді.

Осылайша, елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалар халықтың әл-ауқатын одан әрі нығайтатын болады.

Дәурен Базаров, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институты