Қарағандыдағы Абай ауданында пәтерлердің бірінен сәбилердің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Расында, ондай дерек анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Отбасының тұрмысы жақсы. Әзірше басқа ақпарат бере алмаймыз", - дейді Абай ауданының білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің өкілдері. Еске салайық, 25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысындағы Обуховка ауылында зорлық іздері бар сәбидің денесі табылған. Бүгінде бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.