Ақтөбе қаласында 4 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында өз пәтерінен зорлық-зомбылықпен өлтірілген өлім белгілері бар егде жастағы ерлі-зайыптылардың денесі табылған болатын.
Оқиға орнына полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, облыс прокурорының міндетін атқарушы Қуандық Рахметов шықты. Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен ұсталып, Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамауға алынды.
"Сол күні №2 қалалық полиция бөлімі ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жүргізілген тергеу іс-шараларымен қосарланған кісі өлтірді деген күдікті анықталды, ол мойындау айғақтарын берді", – деп хабарлады Ақтөбе облысының прокуратурасы.