ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекованың айтуынша, жазда 177 адам суға батып кеткен, оның ішінде, 53-і кәмелетке толмаған.
Айта кетейік, былтыр шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті, соның ішінде, 62-сі кәмелетке толмаған.
Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған.
Бұған дейін Түркістан облысында бір әулеттен 11 адам бір сәтте Сырдария өзеніне батып кеткені туралы жазған болатынбыз.