Айгүл Мұсабаева: Жолдаудың мүддесі ортақ, мақсат – айқын

Қызылордада Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің директоры, VІІІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Айгүл МҰСАБАЕВА Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты биылғы жолдауында ел экономикасын дамытуға қатысты міндеттердің айқын көрініс тапқанын сөз етті.

Жалпы Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда халықтың әл-ауқатын көтеруге, тұрмыс жағдайын жақсартуға, елдегі өндіріс орындарын дамыту мен экономиканы нығайтуға ерекше тоқталып өтті.

Соның ішінде алдағы жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңге болатынын атап өтті. Бұл 1,8 млн адамдардың жалақысының көбеюіне ықпал етеді деген сөз. Жағымды жаңалық 350 мыңдай бюджеттік қызметкерлерді де үлкен қуанышқа бөледі.

Сонымен қатар халықты жылу, су, жарықпен қамтамасыз етуде инфрақұрылымды жетілдіру және апатты жағдайлардың алдын алу жайы қатаң тапсырылды.

Елімізде су мәселесі өте өзекті екені белгілі. Соған орай су шаруашылығын дамыту үшін жаңа министрлік құрылатын болды. Көптен бері күмән туғызып келген АЭС салу - жалпыұлттық референдум арқылы шешілетіні құптарлық іс.

Бұған қоса көлік-логистика саласы, кен өндіру өнеркәсібіне қатысты мәселе,  сауда-саттық саясатындағы түйткілдер  көптің көкейіндегіні дөп басты деп айта аламын.

Сондай-ақ Үкіметке  «AMANAT» - партиясымен бірлесіп «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» - жобасын іске асыруды  ерекше атап өтті. Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып, ауқымды, халықты қаржылық негізде сауаттандыру жұмыстарын кең ауқымда жүргізуді тапсырды.

Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық,  сапалы білім берудің тиімді тетіктері де назардан тыс қалмады.  

Сондықтан президент ел болашағына негізделген реформаның басым бағыттарын айқындап берді.  

Мемлекет басшысының жарияланған шешімдері қандай мұқияттылықпен қабылданса, алға қойылған міндеттерді дәл солай жүзеге асыру маңызды!

Ендігі мақсат Жолдауда айтылған міндеттердің орындалуы. Оған жауапты Үкімет, Парламент жұмысының нық болуы.

Ең бастысы, жергілікті  депутаттар  белсенді азаматтармен, өңір жұртшылығын тарта отырып жұмыс жасауымыз қажет. Жолдау бүкілхалықтық қолдауға ие болғанда ғана нәтижелі болады.

Іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН құру жолында адал еңбек етуге шақырамын!!!

Айгүл МҰСАБАЕВА
Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінің директоры,
VІІІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.
Қызылорда қаласы 

Назгүл НАЗАРБЕК