Ақтөбе тұрғыны өз үйінің ауласынан БТР патронын тауып алды, – деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
5 қыркүйек күні 102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, өз үйінің ауласында жер қазып жатып, бронетранспортердің патронына ұқсас затты тауып алғанын айтты.
«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іздестіру іс-шараларын өткізді. Тексеру барысында БТР зениттік қондырғыларының жиырма сантиметрлік патроны анықталды», – делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.