Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Тек қана елдің шығысынды жауын-шашын жоқ.
Республика бойынша екпінді жел, республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жауады.
Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыста тұман түседі.
Жамбыл, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысында өрт қаупі жоғары.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Фото: timenews.in.ua