Коронавирус Үндістанға жетті
Коронавирус Үндістанға жетті
© indiatimes.com
180
оқылды
Үндістанның екі тұрғыны коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды The times of India, - деп жазады Tengrinews.kz. Басылымның мәліметінше, вирусты жұқтырғандардың бірі таяуда Италияда болса, екінші Дубайда болып қайтқан. Сондай-ақ, тағы бір адамның коронавирус жұқтырған болуы мүмкін екені айтылады.
"Дәрігерлер сараптама алған. Нәтижесі вирустың барын көрсеткен, алайда олар сараптаманы қайта тексеруге жіберген. Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандар карантинге жатқызылуы керек", - дейді дереккөз.
Еске салайық, бүгін коронавирустың тағы бес елде анықталғаны хабарланды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.