"Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген": Ақтөбеде жас жігіт өз үйінен өлі табылды

Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған.

Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойыннан жеңіліп, өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліміне өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған.

Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған. Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақшаға ұтылған.

Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан. Құмар ойындарда үлкен ақшаны жоғалтқаннан кейін арты осындай қайғылы жағдайға алып келген.