Елордада дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адамды анықталып, ұсталды.
Ол есірткі сатып, қару қолданды деген айыппен қамауға алынды.
"Елордадағы дәмхана маңында жанжал кезінде қару қолданған 31 жастағы ер адам анықталды. Сараптамаға сәйкес, оның қолындағы қару газ-травматикалық калибрлі 45 RUBBER, МП-80-13Т тапанша екені анықталды", – деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Сондай-ақ 38 жастағы елорда тұрғынына тиесілі ВАЗ-2115 автокөлігінің салонын тексеру барысында полиэтилен пакеттерге оралған 435 дана көлемінде мефедрон есірткісінің ірі партиясы тәркіленді.
Бірқатар сараптама тағайындалды. Оның ішінде сот-химиялық сараптамалар да бар. Есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Осы қылмыстарға қатысы бар екі адам да УҰИ-ға қамалды.